Құрметті оқырмандар!

2021 жылдың жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы, проза жанры бойынша белгілі жазушы, журналист Дәурен Қуаттың «Бөрісоқпақ» кітабынан оқырмандарға қызмет ету бөлімінің кітапханашысы Б.Пирмаханова үзінді оқыды.

«Бөрісоқпақ» өз айтары, идеясы бар, оқушысын сан қилы қызыққа, қиял дүниесіне жетелейтін, тілі кестелі, бас-аяғы жұмыр, жаңа әдеби ағым, өзгеше формамен жазылған келісті шығарма. Айтылған сөздің ақиқатына жету үшін бұл жинақты тек қана оқу керек.