Бар болғаны он төрт жас
2021 жылдың 1 тамыз күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында, жалпыхалықтық оқуға ұсынылған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы, балалар бөлімі бойынша журналист, қаламгер, қоғам қайраткері Мәди Айымбетовтің «Бар болғаны он төрт жас» кітабынан мәнерлеп оқу. Мақсаты: жазушының қазақ балалар әдебиетінің бейнесін анықтауға қосылған рухани зор үлесі және өмірбаянымен таныстыру.
Жазушы М.Айымбетовтың жасөспірімдер өмірінен жазылған хикаяттары мен әңгімелері балалар әдебиетінің таңдаулы шығармаларының қатарынан орын алады. Есею, кәмелетке толу қарсаңындағы жас кейіпкерлердің өмір құбылыстарына көзқарасы, таным-түсінігі және қуануы мен мұңаюы мен алма-кезек түсіп жататын тіршілік ахуалының оларға тигізер ықпалы туралы нәзік лиризммен жазылған бұл туындылар көркем де шыншылдығымен тартымды.