Жанталас

2021 жылдың 8 сәуір күні «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына-30кітап» рухани-мәдени акциясы аясында, драматургия бөлімі бойынша ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі драматург Сая Қасымбектің «Жанталас» пьесалар жинағы кітабынан үзінді оқу.

Мақсаты: кітапты насихаттау, оқырмандардың әдебиет мұрасын дамыту, тарихымызды тереңінен түсіну. Бұл пьесалар жинағы – еліміздің ілкі заманнан басынан кешірген тарихи кезеңдері мен бүгінгі күні қоғамда қалыптасқан қақтығыстарға, замандастарымыздың шынайы бейнесін көрсететін тартыстарға толы рухани өміріміздің өзегін өрнектейтін шығармалар жинағы.