Жарқыраған мың күн

2021 жылдың 20 қазан күні «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы, аудармалар бойынша Меллат Төлеген. Халид Хоссейни «Жарқыраған мың күн» кітабына танымдық сағат өткізілді.

     Мақсаты: Оқырмандар арасында өз орнын тауып келген Халид Хоссейнидің «Жарқыраған мың күн» романымен таныстыру. Іс-шараға қаламыздың №2 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушылары қатысты.
Роман соңғы жарты ғасырда әлем назарын өзіне жиі аударған Ауған елінің ашық та тұңғиық өмір шындығын, тыныс-тіршілігін боямасыз бейнелейді. Соғыс өрті толастамаған, қараңғылық пен надандық үстемдік құрған қоғамдағы адам тағдыры мен әйелдер өмірін, махаббаттың мұң-наласын айшықты тілмен анық жеткізеді. «Жарқыраған мың күн» әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, оқырманның ыстық ықыласына бөленген.

 

11