Жауынгер және жазушы Б.Момышұлы

2018 жылдың  19 қыркүйек күні  республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында таңдалынып алынған қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі бойынша  танымдық кеш өтті. Іс-шараға №1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Бауыржан Момышұлының өмірінен қысқаша айту, ерлігі мен шығармаларын түсіндіру; оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру; әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгеру;

Бауыржан  Момышұлын  әдебиеттің  биік тұғырына  көтерген  шығармасы- «Ұшқан ұя» кітабы. Бұл кітабы үшін ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болған. Бауыржан Момышұлының дәстүрдің озығын қайта әкелудегі әрекеті осы «Ұшқан ұя» повесі арқылы өрбігенін аңғарамыз.

Іс-шара барысында оқырмандарға  «Бауыржан Момышұлының өз дауысы» атты бейнеролик көрсетіліп, шығармашылығы туралы кітап көрмесі қойылды.

IMG_0106 IMG_0109 IMG_0121 IMG_0124