Жыр ғұмыр

       2019 жылдың 17 қыркүйек күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында « Бір ел-бір кітап» акциясы  аясында  ақын, драматург Ә.Тәжібаевтың «Жыр ғұмыр» атты лирика сағаты өтті.  Іс-шараға № 1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.

       Мақсаты: жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру; ақынның өмірбаяны мен шығармашылығымен танысу;

    Іс-шара барысында  оқу бөлімінің кітапханашысы Ф.Канагатова ақынның өмір жолы мен шығармашылығына тоқталды. «Жас ақындар мектебі» тобының  мүшелері ақын өлеңдерін оқыды. Оқырмандар назарына «Бір ел-бір кітап» акциясы  кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.

DSC_0105 DSC_0107 DSC_0110 DSC_0116