Жыр жұлдызы - Жұмекен | Приозерск қалалық кітапханасы

Жыр жұлдызы - Жұмекен

2025 жылдың 4 сәуірінде кітапхананың оқу бөлімінде «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында  ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын насихаттау мақсатында «Жыр жұлдызы - Жұмекен» атты поэзия сағаты ұйымдастырылып  өткізілді. Поэзия кешіне №1 жалпы білім беретін мектебінің  10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Ж. Нәжімеденовтың өмірбаяны мен шығармашылығымен танысып, кітаптардан өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, айтулы ақын Жұмекен Нәжімеденовтің  кітаптарынан кітап  көрмесі ұйымдастырылды.