Латын әліпбиі-келешектің бағдары
27 сәуір күні қалалық кітапханада латын әліпбиіне көшу және латын әліпбиінің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында «Латын әліпбиі – келешектің бағдары» тақырыптық сағат өткізілді.
Мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілген іс-шарада кітапханашы А. Ермагамбетова латын тіліне көшу – бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, көпшіліктің ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға арналған тың мәліметтермен бөлісті. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, бейнеролик көрсетілді.