Латын әліпбиі – жаңа мүмкіндіктер
Кітапхананың оқу бөлімінде Латын әліпбиіне көшуді насихаттау мақсатында «Латын әліпбиі – жаңа мүмкіндіктер" атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын түсіндіру, оның болашақ ұрпақ үшін беретін мүмкіндіктерін насихаттау.
Іс-шара барысында кітапханашы латын әліпбиіне көшудің тарихи негіздері мен кезеңдері туралы қысқаша мәлімет берді. Қатысушыларға жаңа әліпбидің нұсқалары таныстырылып, оның артықшылықтары түсіндірілді. Дөңгелек үстел форматында оқушылар мен қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Тақырыпқа сай кітап көрмесі таныстырылды.




