Латын әліпбиі-өрісі кең әліпби
2022 жылдың 8 маусым күні кітапхананың оқу залында «Латын әліпбиі – өрісі кең әліпби» атты тренинг өткізілді. Мақсаты: қазақ тілін латын графикасына көшірудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат тарату, қоғамдық пікір қалыптастыру. Шараға №2 мектептің оқушылары қатысты. Оқырмандарға латын әліпбиі туралы, әліпбидің алғаш шығу тарихы, әлем халықтары арасында таралуы, қазіргі заманда әліпбидің қолданылуы және біздің елімізге қажеттілігі туралы әңгімеленді. Кітапханашы қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуінің маңыздылығы туралы кеңінен түсінік берді. Іс-шара барысында «Латын әліпбиі – өрісі кең әліпби» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.