Латын әліпбиі-рухани жаңғырудың басы
2023 жылдың 10 қараша күні латын әліпбиіне көшуді насихаттау мақсатында №2 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Латын әліпбиі-рухани жаңғырудың басы» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Мақсаты: Латын әліпбиіне көшу арқылы - қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатынын айта отырып, оқырмандарға жаңа латын графикасын насихаттау.,
Әңгіме барысында латын әліпбиінің тарихына тоқталып , латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың және қоғамды жаңғыртудың алғы шарттарының бірі екені , қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен заман талабы, ең бастысы қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызатынын және ана тілін құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу туралы айтылды. Сондықтан да заманауи технологияларға тәуелді екенімізді айтып, жас ұрпақтың бойына жаңа дүниелерді қалыптастыруымыз керек.Шара соңында оқырмандар «Латын әліпбиі-рухани жаңғырудың басы» атты кітап көрмесімен танысты.