Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі
2022 жылдың 26 қазан күні кітапханада «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел жиыны өтті.
Шараның мақсаты – латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.
Шара барысында латын әліпбиіне көшу маңыздылығы мен жаңа жүйедегі емле-ережелер сараланды. Сондай-ақ, дөңгелек үстелде қазақ тілінің жаңа әліпбиіне қатысты өзге де өзекті мәселелер талқыланды. Сауалдарға жан-жақты жауап беріліп, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы жайында қатысушылар пайымды пікірлерімен бөлісті