Латын әліпбиіне көшу – жаңғыру негізі

2025 жылдың 19 мамырында кітапхананың оқу залында «Латын әліпбиіне көшу – жаңғыру негізі» тақырыбында дебат өткізілді.

Мақсаты: латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру, қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу;

Дебатқа «Жақтаушы» және «Даттаушы» 2 топ қатысты. Әр топтың спикерлері өз топтарын таныстырды. Әр топ латын әліпбиі бойынша өз ойларын айтып тартысты, сонымен қатар әр команда сұрақ қойып, жауаптарын берді. «Латын әліпбиіне көшу – жаңғыру негізі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.