Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы неде?
Латын әліпбиіне көшу Елбасымыздың алға қойған ауқымды мақсаты. Латын әліпбиі – әлемде кеңінен тараған әліпбилердің бірі. Елбасының шешімін қолдай отырып, оны әрі қарай насихаттау мақсатында 2022 жылдың 28 ақпан күні қалалық кітапхананың «Білім» бөлімінде «Latyn älıpbiıne köşudıñ mañyzdylyğy nede?» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара мақсаты: Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Латын әліпбиінің қажеттілігі мен артықшылықтары, жастарға беретін мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталып, маңыздылығын ашу. Іс-шара кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Спикер: библиограф Мукышева Г.К. Латын графикасына көшудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат беріп, сондай-ақ, қазіргі заманда әліпбидің қолданылуы және қажеттілігі туралы, қазақ әліпбиінің латын графикасына өту жайлы кеңінен түсінік беріп өтті. Қатысушылар латын әліпбиіне көшуді қолдайтындарын білдіріп өз ұсыныстары мен тілектерін ортаға салды. Көкейде жүрген сауалдарына нақты жауаптарын алып, бейнежазбалар тамашалады. Кітап көрмесі ұйымдастырылды.