« Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»
2019 жылдың 6 қыркүйек күні кітапхананың Білім орталығында кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты жолдауын талқылады.
Шара барысында кітапхана директоры Кенжебекова Павлина Сиязбековна Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталып, кітапханашыларға таныстырып өтті. Жолдауда мемлекеттің әлеуметтік және саяси өміріндегі ең маңызды бағыттары айтылды, сонымен қатар мәдениет саласына, оның ішінде кітапхана саласына көп көңіл бөлгені қатты қуантты.
Кітапхана ұжымы Жолдауды талқылап өз ой пікірлерімен бөлісті.