Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі

 2021 жылдың 10 қыркүйек күні кітапхананың Білім орталығында кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі"  жолдауын талқылады.

     Шара барысында  кітапхана директоры Кенжебекова Павлина Сиязбековна Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталып, кітапханашыларға таныстырып өтті. Жолдауда мемлекеттің әлеуметтік және саяси өміріндегі ең маңызды бағыттары айтылды, сонымен қатар мәдениет саласына, оның ішінде кітапхана саласына көп көңіл бөлгені қатты қуантты. Кітапхана ұжымы Жолдауды талқылап өз ой пікірлерімен бөлісті.

 

 

12