Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру
2018 жылдың 9 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы ««Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті жолдауы ұжым арасында талқыланды.
Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мәселелеріне және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.
Атап, өтсек: 1.Халық табысының өсуі; 2.Тұрмыс сапасын арттыру; 3.Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру; 4.Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат; 5.Тиімді сыртқы саясат; 6.Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы.
Кітапхана ұжымы Жолдауды талқылап өз ой пікірлерімен бөлісті. Жолдауға қолдау көрсетіп, халыққа насихаттау жұмыстарын жүргізетіндіктерін айтып өтті.