Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы
2022 жылдың 20 сәуір күні кітапхананың оқу залында кітапхана қызметкерлері Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» жолдауын талқылады.
Шара барысында кітапхана директоры П.С.Кенжебекова кітапхана қызметкерлеріне Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған саяси реформалардың бұрын-соңды болмаған жаңалығын атап өтті. Талқылау барысында айтылған негізгі ой – жоспарлардың жүйелі әрі іргелі болуы жарқын болашаққа үміт, іске асыруға сенім ұялатады. Жаңару мен жаңғыру жолында Қазақстан биікке белестерге жететіні анық. Жарқын болашаққа нық қадаммен жұмыс жасауға әрбіріміз үлес қосуға міндеттіміз. Президент бастамалары халық билік арасындағы сенімді арттырады.