Әділетті мемлекет.Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам
Ағымдағы жылдың 7 кыркүйек күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің қызметкерлері ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйек күнгі Қазақстан халқына жолдаған «Әділетті мемлекет.Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам» атты жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Жиын барысында жолдауда айтылған ел ішіндегі мәселелерді шешуге арналған амалдар мен жобалар талқыланып, қызметкерлер өз пікірлерімен алмасты.