Цифрлық Қазақстан: келешекке қадам

       2025 жылдың 9 желтоқсан күні кітапхананың «Білім» орталығында Жолдауды насихаттау мақсатында «Цифрлық Қазақстан: келешекке қадам» дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Қазақстандағы цифрландыру саясатының мәні мен маңызын түсіндіру. Жастарды инновацияға, IT-білім алуға қызықтыру, болашаққа цифрлық көзқарас қалыптастыру. Мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілген іс-шара барысында кітапханашы «Цифрлық Қазақстан: келешекке қадам» тақырыбының өзектілігі туралы қысқаша баяндама оқып, бейнеролик көрсетті. Оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, «Цифрландыру бізге не береді?» атты сұрақ төңірегінде талқылау жасады. Дөңгелек үстелде айтылған ұсыныстар мен пікірлер болашақта цифрлық мәдениетті қалыптастыруға, жаңа технологияларды тиімді қолдануға септігін тигізеді. Шара қатысушылардың қызығушылығын арттырып, олардың цифрлық сауаттылығын нығайтты және Қазақстанның болашақ дамуында цифрландырудың негізгі рөл атқаратынын көрсетті.