Жолдау жолындағы жаңғыру

Кітапхананың оқу бөлімінде Президент жолдауы аясында «Жолдау жолындағы жаңғыру» атты дөңгелек үстел өкізілді. Іс-шараға 44841 әскери бөлім сарбаздары қатысты. Мақсаты: Президент Жолдауын кеңінен насихаттау.

     Дөңгелек үстел барысында Президент Жолдауының ел болашағын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат екендігі атап өтілді. Қатысушылар Жолдауда көтерілген мәселелердің өзектілігін талқылап, оны жүзеге асыру әр азаматтың белсенділігіне байланысты екенін жеткізді. Іс-шара кітапхана оқырмандарының азаматтық көзқарасын қалыптастыруға және ақпараттық мәдениетін арттыруға ықпал етті.