Қирабаев С. Шығармалары / Серік Қирабаев. – Астана: Фолиант,2013

Қирабаев С.

Шығармалары / Серік Қирабаев. – Астана: Фолиант,2013

Т.1. Әдеби зерттеулер,сын мақалар. – 416 б.

«Сарыарқа кітапханасы» сериясының кезекті томына Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор С.С. Қирабаевтың тәуелсіздік тұсында жазылған таңдаулы зерттеулері топтастырылған. Көрнекті ғалым тарих пен әдебиеттің егіз ұғым екендігін әр дәуір әдебиетінен келтірген мысалдар арқылы ғылыми дәлелдеп берген. Ғалым тәуелсіздік тұсындағы қазақ поэзиясының көркемдік кестесін ғылыми пайымдап, Елбасы,Астана туралы жырларға ерекше назар аударған.

Кітап әдебиеттанушы ғалымдар мен ізденушілер, аспиранттар мен жоғары оқу орындарының студенттеріне және ұлт әдебиеті мен тарихын білгісі келетін әдебиет сүйер қауымға арналған.