Сарыарқа кітапханасы

«Сарыарқа кітапханасы» сериясымен шыққан 100 томдықтың таныстырылымы былтырғы жылы Қарағандыда өткен болатын.  Сол сериялы кітаптарға біздің де қолымыз жетіп, оқырмандар назарына ұсынылуа. Соңғы жылдары  республикамыздың жеке аймақтарында «Баянауыл кітапханасы», «Сарыарқа кітапханасы», «Алтай – Ертіс кітапханасы» сынды жеке атаулы сериялармен республика көлемінде танымал ақындар мен жазушылардың таңдамалы еңбектері. 

Көптомдық кітаптардың бұл сериядағы мақсаты – қазақ жазушылары мен ақындарының шығармашылығын жүйелеу, таңдамалы шығармаларын өскелең ұрпаққа мұра қылу, ұлттық әдеби – мәдени жәдігерлерді сақтау, рухани құндылықтарды қорғау және қолдау. Бұл кітаптар «Фалиант» баспасының өзара келісімімен танымал ғалымдарынан сөз шеберлерінен құралған. 100 томдық еңбекте 352 автордың еңбегі жинақталған. Әр томның тиражы – 800 дана, барлығы 80 мың дана. Бұл жинаққа Бұқар жырау, Қаздауысты Қазбектен бастап, Мәди-Бәпиұлы мен Қасым Аманжолов сынды 20-ғасыр классиктерінің, сондай-ақ қазіргі заман ақын-жазушыларының еңбектері енген. 

Қаздауысты Қазбек би мен Бұқар жырау мұрасы энциклопедия нұсқасында жарық көрсе, арқаның ақын – жырауларының мұрасы жеке топтастырылып, айтыс ақындарының мұрасы бөлек жүйеленген. Серияның «Жаңа дәуір әдебиеті» айдарына үш арыс Әлихан Бөкейханов, Ақбайдың Жақыбы, Әлімхан Ермеков мұралары жинақталған. 

Құрметті оқырман! «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен шыққан 100 томдық еңбекпен танысып, алып оқимын десеңіздер қалалық кітапханамыздың қорынан алуға мүмкіндіктеріңіз бар. 

Келіңіздер, көріңіздер, оқыңыздар. 

20161021_094142-1 20161021_094200-1 20161021_094437-1

Арқаның би-шешендері мен ақын жыраулары

шешендік сөздер және жыр толғаулар: Астана; Фолиант,20136 – 312б

 

Жайлыбай Ғ.

Бір тал үкі. Өлеңдер мен поэма – толғаулар. Астана; Фолиант, 2014 – 384 б.

 

Машани А.

Шығармалары. Роман және мақалар /Ақжан әл-Машани – Астана: Фолиант, 2013 – 320 б.

 

Ештанаев Ғ., т.б.

Шығармалары. Астана: Фолиант, 2014 – 408 б.

 

Арқаның ақ таңы

Ұжымдық жинақ – Астана: Фолиант,2014 – 416 б.

 

Әбішев Ә.

Шығармалары. Найзағай. 1 том  – Астана: Фолиант, 2013 – 360 б.

 

Қаражігітов А.

Сөнбеген шырақ. Әңгімелер мен повесть. Астана: Фолиант,2014 – 312 б.

 

Арқаның айтыс ақындары

Арқаның айтыс ақындары: айтыстар: Астана: Фолиант,2013 – 320 б

 

Арқадағы арда жыр

Арқадағы арда жыр. 2 том . Ұжымдық жинақ. Астана; Фолиант, 2014

 

Бөкейхан Ә., Ақбаев Ж., Ермеков Ә.

Мақалалар, сын – зерттеулер және тергеудегі жауаптар