Сарыарқа кітапханасы

«Сарыарқа кітапханасы» сериясымен шыққан 100 томдықтың таныстырылымы былтырғы жылы Қарағандыда өткен болатын.  Сол сериялы кітаптарға біздің де қолымыз жетіп, оқырмандар назарына ұсынылуа. Соңғы жылдары  республикамыздың жеке аймақтарында «Баянауыл кітапханасы», «Сарыарқа кітапханасы», «Алтай – Ертіс кітапханасы» сынды жеке атаулы сериялармен республика көлемінде танымал ақындар мен жазушылардың таңдамалы еңбектері. 

Көптомдық кітаптардың бұл сериядағы мақсаты – қазақ жазушылары мен ақындарының шығармашылығын жүйелеу, таңдамалы шығармаларын өскелең ұрпаққа мұра қылу, ұлттық әдеби – мәдени жәдігерлерді сақтау, рухани құндылықтарды қорғау және қолдау. Бұл кітаптар «Фалиант» баспасының өзара келісімімен танымал ғалымдарынан сөз шеберлерінен құралған. 100 томдық еңбекте 352 автордың еңбегі жинақталған. Әр томның тиражы – 800 дана, барлығы 80 мың дана. Бұл жинаққа Бұқар жырау, Қаздауысты Қазбектен бастап, Мәди-Бәпиұлы мен Қасым Аманжолов сынды 20-ғасыр классиктерінің, сондай-ақ қазіргі заман ақын-жазушыларының еңбектері енген. 

Қаздауысты Қазбек би мен Бұқар жырау мұрасы энциклопедия нұсқасында жарық көрсе, арқаның ақын – жырауларының мұрасы жеке топтастырылып, айтыс ақындарының мұрасы бөлек жүйеленген. Серияның «Жаңа дәуір әдебиеті» айдарына үш арыс Әлихан Бөкейханов, Ақбайдың Жақыбы, Әлімхан Ермеков мұралары жинақталған. 

Құрметті оқырман! «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен шыққан 100 томдық еңбекпен танысып, алып оқимын десеңіздер қалалық кітапханамыздың қорынан алуға мүмкіндіктеріңіз бар. 

Келіңіздер, көріңіздер, оқыңыздар. 

20161021_094142-1 20161021_094200-1 20161021_094437-1

Әбішев Ә.

Шығармалары. 2 том Атыңнын айналайын. Астана; Фолиант – 2013 -328 б

 

Шығармалары . Астана: Фолиант, 2014- 400 б.

Бұл кітапқа Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ж. Башардың, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі С. Жанысбайдың, Қазақстан Республикасының Құрметті журналист М. Омарбекұлының шығармалары топтастырылған.

Алтайбаев Ж.

Шығармалары. Сықақтар,әңгімелер.повестер. Астана: Фолиант, 2014 – 400 б.

 

Әзиев Ә.

Арпалыс. Әңгіме – хикаяттар және деректі жазбалар/ Астана: Фолиант, 2014- 304 б

Көшімов Ә.

Шығармалары: әңгіме- повестер және поэмалар мен өлеңдер.

Әуезхан Көшімов. – Астана: Фолиант,2013 – 424 бет

Өмірбеков Ж.

Шығармалары : өлеңдер мен дастан-поэмалар. – Астана : Фолиант, 2014- 384 б

Найманбайұлы Ә.

Шығармалары. Өлең-тоғаулар,дастан – хикаялар,айтыстар./

 Әсет Найманбайұлы. Астана: Фолиант, 2013 – 416 б.

Қашқынов Ж.

Шығармалары / Жеңіс Қашқынов.

- Астана: Фолиант, 2014. - 368 бет. - (Сарыарка кітапханасы)

Өмірбеков Ж.

Шығармалары: өлеңдер мен дастан-поэмалар. - Астана:

Фолиант, 2014. - 384 б.

Салықов К.

Шығармалары. / Кәкімбек Салықов. – Астана: Фолиант, 2013.

Т.1. Поэмалар. – 2013- 416 б.