Смайыл А.

Смайыл А.

Шығармалары / Алдан Смайыл.-Астана: Фолиант,2013

Т.1. Роман,повестер мен әңгімелер – 568 б.

           Белгілі қаламгер, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алдан Смайылдың бұл кітабына « Тамұқтан келген адам» романы «Тайга» және «Арғымақ пен Агба» атты повестері, бір топ әңгімелері еніп отыр. Романда қазақ халқы бастан кешірген зұлмат- ашаршылық жылдарының себебі мен салдары көркемдік – эстетикалық тұрғыдан зерттеледі. « Тайга» повесінде өркениеттер қақтығысындағы рухани дағдарыстар жайлы ой қозғалса,            « Арғымақ пен Агба» туындысы елден және еркіндіктен айырылудың тргедиялық салдарлары жүйрік жылқы мен сол тұлпардың күтушісінің қиын тағдырлары арқылы өрілген. Әңгімелер де тартымды оқылады.

Жазушының тілі көркем,ой-толғаулары терең де қызықты.

Кітап қалың оқырман қауымға арналады.