Қарттарым, аман-сау жүрші

1 қазан – Қарттар күніне орай кітапхананың «Білім» орталығында «Қарттарым, аман-сау жүрші» атты кездесу кеші өткізілді. Мақсаты: қарттарға деген құрмет пен ілтипатты арттыру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту. Жастарды үлкендерді сыйлауға, олардың өнегесін үлгі тұтуға тәрбиелеу. Іс-шара барысында қарттарға құрмет көрсетіліп, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі сөздері жастарға үлгі ретінде ұсынылды. Кешке «Сырлас» клубының мүшелері қатысып, қарттарға арналған әндер мен өлеңдер орындалды. Бұл күн – ұрпақтар арасындағы байланыс пен сыйластықты дәріптейтін мереке. «Қарттарым, аман-сау жүрші»тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.