Алғысым шексіз
2024 жылдың 1 наурыз күні кітапхананың «Білім» орталығында Алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу. Шараға қаланың ардагерлер кеңесінің мүшелері мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Кешіміздің сыйлы қонақтары қазақ халқының бауырмалдығын, қонақжайлығын, бүгінде елімізде әртүрлі этностардың тату-тәтті өмір сүріп жатқанын әңгімелеріне арқау етіп, қазақ жұртына өз алғыстарын айтты. Шара шағын ән шашумен өз жалғасын тапты. «Алғысым шексіз» атты көрмесі таныстырылды. Кітапханашылар кездесу кешін екі тілде жүргізді. Сонымен қатар бұл мерекенің қазақ халқының мейірімді және ынтымақшыл әдет-ғұрпынан бастау алатын тарихи дәстүрлеріне негізделгенін атап өтіп, осы мерекенің тарихы туралы көптеген жаңа және қызықты мағлұматтармен танысып, «Алғыс айту күні» атты бейнеролик тамашалады.