Ана-өмірдің гүлі
2024 жылдың 7 наурыз күні кітапханада ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8-наурыз-Әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ана-өмірдің гүлі» мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру,мейірімділікке,сый-құрметке тәрбиелеу;
Аталған іс-шараға көп балалы ана Хожагелдиева Тамара Исабековна арнайы шақыртылып, оқушылар арасында сұрақтар қойылып, сыйлы қонағымыз өз ойын ортаға салды. Сөз соңында әдемі тілектерін жеткізді. Кітапханашы И.Талханбаева әйел - аналардың дәстүрлі мерекесі 8 - наурыз құлпырған қызғалдақтай әсем мерекесімен құттықтап өтті. Арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара соңында Тамара Исабековнаға аздаған сыйлық беріліп және өнерлерің көрсеткен оқушы қыздарымызға «Алғыс хат» табысталып, естелік суретке түсті.