«Қариялар-қоғамның бағдаршамы»
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатырған салтымыз. 1- қазан Халықаралық қарттар күніне орай кітапхананың «Білім» орталығында «Қариялар-қоғамның бағдаршамы» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты - оқырмандардың бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, қарттарымызды құрметтеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты ұрпақ тәрбиелеу. Іс-шараға «Сырлас» клубының мүшелері қатысты. Шара барысында қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән берілгені, жан-жақты қамқорлық жасалып жатқаны туралы айтылды. Кітап көрмесі таныстырылып, бейнеролик көрсетілді. Шара соңында зейнеткерлеріміз тілектерін айтып, ақыл кеңестерімен бөлісіп, ақ баталарын берді.