«Қарттарым – асыл қазынам»
2017 жылдың 3 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1- қазан Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым- асыл қазынам» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Іс- шараға «Сырлас» клубының мүшелері және оқушылар қатысты.
Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.
Қария деген сөз елдің басы болу, ақылын айтар дана болу, ел төрінде құрметке бөлену, ас бергенде немерелерінің үлесін бөлер қамқоршысы. Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылып айтар елі мен жерінің кеңесшісі. Қазақтың әр отбасында арқа тұтар ата-әжелері бар. Олардың әрбір айтқан гауһар тасқа бергісіз ақылдары жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне өте мол үлесін тигізеді. Ата-әжесі бар үйдің балалары да өзгеден ерек, ортасындағы ерекшелігі қариялардың ыстық алақанынан дәм татып, жауһар сөздерін саналарына сіңіріп өскендігі білінеді. Ата дәстүр салтымыздан таймай, ескі ғұрыптармен немерелерін нағыз қазақтың салтын сақтар бабалардың жолыменен жүретін өр рухты қазақты тәрбиелеп өсіреді. Сондықтан да болар, қарты бар үйден қазахилықтың иісі ұрып тұрады. Іс- шара барысында жас бүлдіршіндеріміз өздерінің жүрек- жарды тілектерін айтып, өнерлерін көрсетті. Кеш қызықты өтті.
Оқырмандар назарына «Қарты бардың, қазынасы бар» , «Аталар сөзі, ақылдың көзі» кітап көрмелері ұсынылды.