Қарттарым қазынам
1қазан-Халықаралық қарттар күні - бұл аталар мен әжелердің, ата-аналардың, бір-бірінің қадірін білетін жақын адамдардың мерекесі.
2024 жылдың 1 қазан күні кітапханада Қарттар күніне орай «Қарттарым қазынам» атты мерекелік кездесу кеші өтті. Мақсаты:оқушыларға үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету; қарттарымыз аман болып, сол асылдарымыздың қадір-қасиетін түсініп, болашақ жастарымыздың санасына сіңіру.;
Іс-шараға әдет-ғұрып, салт-дәстүрді дәріптей білген зейнеткер апаларымыз Ералиева Злиха, Ахметжанова Айымгул қатысып, жастарға ақылдарын,үлгі өнеге боларлықтай әңгімелерін айтты.
Іс-шара барысында кітапханашы қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән берілгені жайлы, көңіл аударылып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалып жатқаны жайлы айтылды. «Қарттарым қазынам» атты кітап көрмесі жасақталып,таныстырылды.