Аталар сөзі-ақылдың көзі

2023 жылдың  29 қыркүйек күні кітапхананың «Білім» орталығында Халықаралық қарттар күніне орай «Сырласу» клубының мүшелерінің қатысуымен «Аталар сөзі-ақылдың көзі»  кездесу кеші өтті. Мақсаты: көпті көрген дана гөй қарттарымыздың өнегелі өмірлерін үлгі ету;

Іс-шара барысында оқырмандарға қызмет ету бөлімінің кітапханашысы А.Сулейменова әжелерді бүгінгі мерекелерімен құттықтап,әдемі тілектерін жолдады. Балалар қонақтарымыздың алдында өлеңдерін айтып, би билеп үлкендерге құрметтерін білдірді.Кеш соңында қарттар күніне арналған презентация көрсетіліп, «Аталар сөзі-ақылдың көзі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.