Еліміздің бойтұмары-ел бірлігі

2020 жылдың 28 ақпан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Білім орталығында Алғыс айту күні   Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына арналған «Еліміздің бойтұмары-ел бірлігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға қаладағы Ардагерлер ұйымы және Сырлас клубының мүшелері қатысты.

Алғыс айту күні мерекесінің мақсаты ортақ тарих, қазақтардың және барлық этностардың бір-бірін және қазақтарды қолдауы арқасында бірге өткерген қиыншылықтарды ұмытпау негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту;

 Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Отырыс барысында «Алғыс айту» күнінің маңыздылығы, бірлік пен бейбітшіліктің негізі Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы, тарихы, елдің дамуына қосатын үлесі туралы мәселелер талқыланды.  Қазақстан аумағына халықтардың жер аударылуы туралы әңгімелейтін бейнесюжеттер көрді. Іс-шараның соңында қаламыздың гүлденіп өркендеуіне өз үлестерін қосып келе жатқан өзге ұлт өкілдері  бұл мерекені  шын жүректерімен қабылдап,  Қазақстан халқына деген жүрекжарды лебіздерін білдіріп, бір-біріне «рахметтерін» айтты. Шара  концерттік бағдарлама мен «Қазақстан-татулық пен бірліктің мекені» атты кітап көрмесіне шолумен аяқталды.

 

DSC_0138 DSC_0144 DSC_0147 DSC_0148 DSC_0151 DSC_0153 DSC_0159

DSC_0141