Имандылық- адамгершілік айнасы

2023 жылдың  21 шілде күні  кітапхананың «Білім» орталығында  имандылықты насихаттау мақсатында «Имандылық-адамгершілік айнасы» тақырыбында  дөңгелек үстел ұйымдастырылды.  Іс-шараға мәдениеттанушы, дін істері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Түсіпбеков Жарқын Амантайұлы , мәдени демалыс орталығы мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстел барысында  ұлттық дәстүр мен тарихты санамызға сіңірудің, діни сауаттылықты арттырудың маңызы, қазіргі қоғамдағы діни ахуал, экстремисттік ұйымдардың түр - сипаты, оларға қарсы иммунитетті қалыптастырудың жолдары туралы ,иман және имандылық тәрбие жайлы және мұсылман баласына жат болған әдепсіз істерден бойды аулақ ұстап, кешірімділік пен мейірімділікте, жанашырлықта болу туралы сөз қозғалып, сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды. «Имандылық-адамгершілік айнасы» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды