Имандылық- ізгіліктің негізі

Бүгінгі таңда қоғамымызға ең қажет қасиеттердің бірі – имандылық. Осы орайда кітапханада «Сырласу» клубының мүшелерінің қатысуымен «Имандылық – ізгіліктің негізі» атты ақпараттық тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты – өскелең ұрпақты рухани тәрбиеге, жақсылық жасауға, адалдық пен әділеттілікке тәрбиелеу.

      Іс-шараға қалалық мешіттің ұстазы Сейсов Назарбай Юсупович имандылық ұғымының мәні мен маңызы, діни және ұлттық құндылықтар түсіндіріп, Қасиетті Құран аяттарынан мысал келтірді. Пікірталас ұйымдастырылып, клуб мүшелері ой бөлісті.

     Шара барысында «Имандылық – ізгіліктің негізі» атты кітап көрмесі де таныстырылды.