Имандылық-инабаттылық мұраты

2022 жылдың 14 сәуір күні кітапхананың «Білім» орталығында тарих пәнінің мұғалімі Давлятярова Мария Баймуратовнаның жетекшілігімен, №2 мектептің 9-сынып оқушыларының қатысуымен «Имандылық-инабаттылық мұраты» тақырыбында имандылық сағаты өткізілді.

      Мақсаты: оқушыларға ислам діні туралы түсінік бере отырып, имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Шара барысында оқырмандарға қызмет ету бөлімінің кітапханашысы Д.Төлбасы имандылық, мұсылман діні, Аллаға құлшылық ететін жастар және басқа діни сөздер, ислам- адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамдардың өзін - өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижелер жиынтығы екені туралы тусіндірілді. Шара соңында «Имандылық- инабаттылық мұраты» кітап көрмесімен таныстырылды.

5 7 8 9 11 12