Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария

1 қазан- Халықаралық қарттар күні қарсаңында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында  2018 жылдың  27 қыркүйек  күні   «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» атты кездесу кеші өтті.  Кешке «Сырлас» клубының мүшелері мен мектеп оқушылары қатысты. 

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу.

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 14 желтоқсан 1990 жылы 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады.

Іс-шараға қатысқан қонақтар мерекеге сай жайылған дастархан басына жайғасып, ыстық шай ішіп, тәтті тағамдардан дәм татқаннан кейін оқушылар  қарттар мерекесіне арнап  концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Аяулы қарттарымыз балаларға өз тәлім, тағылымдарын айтып, өнеге етті. Сондай –ақ кездесу барысында өнерлі оқушыларымыз Урисбай Жансая,Таткен Толғанай,Нурланова Аяжан, Досымхан Сағыныш өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.  Кеш соңында оқырмандарға «Қарты бар үйдің қазынасы бар» презентация көрсетіліп, «Қайыңдай қайсар қарттарым» атты кітап көрмесі ұсынылды.

IMG_0848

IMG_0851 IMG_0853

 

IMG_0855

IMG_0857 IMG_0866

IMG_0877

IMG_0886

IMG_0889

IMG_0915