Өмірдің алтын бесігі

1 қазан – Қарттар күніне орай қалалық кітапханада «Сырлас» клубының мүшелерімен «Өмірдің алтын бесігі» атты тағылымды кездесу кеші өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қарт буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесін кейінгі ұрпаққа насихаттау, апаларымыздың көңіл-күйін көтеріп, өзара сырласу мен жылы қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау. Кездесу барысында аяулы апаларға арнайы бейнеролик көрсетіліп, оның мазмұны бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, естеліктер айтты. Сонымен қатар кеш барысында әндер шырқалып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын әсерлі сәттер орын алды. Кеш соңында қатысушылар бір-біріне ізгі тілектерін білдіріп, кітапхана ұжымына жылы лебіздерін жеткізді.