Наурыз-құт береке бастауы

22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесіне арналған «Наурыз-құт береке бастауы» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кештің мақсаты: қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Іс-шараға: «Сырлас» клубының мүшелері және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

      Наурыз – қазақ халқы үшін береке-бірліктің, ел-жұрт, ағайын-туыс арасындағы татулықтың, ерен еңбектің, жаңарған тіршіліктің ұлы символы. Ұлы халқымыздың, ежелден тұрмыстық мерекесі болып келген, жаңа жыл мейрамы – Наурыз мейрамы құтты болсын!

1 2 4