Наурыздың ғасырлық дәстүрлері

2022 жылдың 15 наурыз күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында қалалық кітапхананың «Білім» орталығында Наурыз мерекесіне орай «Наурыздың ғасырлық дәстүрлері» әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсінік беру, ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу.

Аталған іс-шараға «Сырласу» клубының мүшелері мен №2 мектептің оқушылары қатысты. Кітапханашы Д.Төлбасы дәстүрімізге айналған ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтау сөз бастап, Әз Наурыз еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін және қазақ халқының шығармашылық дәстүрлері, ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстырып, олардың тарихи маңызын түсіндіріп өтті. Шара соңында ұлттық ойындар туралы сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылды. Ән айтылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

38 37 36 35 33 34