«Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты мерекелек кеш өткізілді.
2017 жылдың 7 наурыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сырлас» клубының мүшелерімен бірге 8 наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесіне орай «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты мерекелек кеш өткізілді.
Мақсаты: 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы туралы мәлімет беру. Адамгершілік, имандылық ,адалдық, сыйластық қасиеттерін қалыптастыру.
Ана- әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді ең қамқор адам. Ана деген – адамзаттық данасы Ана деген –сәбилердің панасы. Ана деген – жарық жұлдыз шырағың. Ана деген – қайнар ыстық бұлағы.
Іс- шара барысында оқушылар аналарға деген өздерінің жүрекжарды сөздерін айтып, би билеп, ән салып көңілдерін көтерді. «Сырлас» клубының жетекшісі Сүлеймен ағай аналарды құттықтап, «Ана туралы жыр» әнін айтты. Іс- шара соңында оқырмандардың назарына«Ана деп ән салам» атты көрме ұсынылды.
Көктемнің мерекесі мерекеге ұласа берсін!