2019 жыл – Жастар жылы
2019 жылдың 30 мамырында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде «Жас толқын» жас ақындар клубы мүшелерінің қатысуымен «2019 жыл - Жастар жылы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: жастардың бойында еліміздегі саясатқа көзқарастарын қалыптастыру, Елбасының жолдауын түсіндіру және насихаттау, жастарды белсенділікке тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге баулу ;
Елбасымыздың биылғы жылды Жастар жылы деп жариялауы бізге үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Әрі, кейінгі толқын өкілдері үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.
Шара барысында оқушылар қазіргі жастардың әлеуметтік және құқықтық деңгейлеріне мән беріп, жастардың алдында тұрған өзекті мәселелердің шешімдерін табуға тырысты. Қатысушыларға арнайы дайындалған «Жастар жылы -2019» атты слайд-көрсетілді.