Абай – ұлы ақын

2019 жыл  6 маусымда қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаевтың туғанына 174 жыл толуына орай, «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жас толқын» жас ақындар клубы мүшелерінің қатысуымен «Абай – ұлы ақын» атты еске алу кешін ұйымдастырды.

      Мақсаты:Абайдың еңбектерін таныстыру арқылы барша халықты ынтымақ пен бірлікке шақыру болып табылады.

    Аталмыш еске алу кешінде клуб мүшелері ұлы ақынның шығармаларымен, қара сөздерімен, философиялық пайымдауларымен және ақын туралы абайтанушы зерттеушілердің еңбектерімен танысты.

 

DSC_0013