Алаштың ақиық ақыны

2023 жылдың  23 маусым күні   кітапхананың оқу бөлімінде  ақын, Алаш қозғалысының мүшесі, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызына айналған Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай « Алаштың ақиық ақыны» атты поэзия кеші өтті. Мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы, поэзия әлеміндегі алатын орны, ақынның қуатты өлеңдері арқылы жастардың жүрегіне от беретін үнді әуен қалдыру;

Мағжан Жұмабаев- бірнеше көркем поэма жазған құлашы кең эпик ақын.Ол өз заманының толғауы күрделі жайларын халқының өткен тарихын жырлау арқылы көрсетуге ұмтылды. Кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама оқып, оқушылар ақынның өлеңдерін оқыды. Іс-шара соңында «Алаштың ақиық ақыны» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.