Қазақ поэзиясының сөнбес шамшырағы

Қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақ поэзиясының сөнбес шамшырағы» атты поэзия кеші өткізілді.

        Аталған іс-шара қаламыздың №1 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Мақсаты: Поэзиялық шығармаларды оқытуға ынта - жігерін арттыру, Қасым Аманжолов өлеңдері арқылы қазақ әдебиетіндегі жалынды поэзиялық туындылардың тақырыбы мен ой тереңдігін сараптай білуге үйрете отырып олардың мәнерлеп оқу қабілеті мен рухани танымдарын кеңейту. Кеш барысында кітапханашы Қасым Аманжоловтың өмірімен таныстырып, шығармашылығынан жан - жақты мәлімет беріп өтті. Іс-шара соңында бейнеролик көрсетіліп, оқушылар ақын өлеңдерінен үзінді оқыды.

 

244626374_597732191359060_2138994693931318021_n 244626378_597732168025729_7607116579627935498_n 244632839_597732364692376_4144241489504777092_n 244645429_597732178025728_1017948023270036446_n 244762461_597732181359061_4869027707673433822_n 244772288_597732184692394_1222460810385295868_n 244992694_597732334692379_5582851124533791046_n 245019366_597732368025709_8108013188148807467_n