Өлеңім-өмірімнің айнасы

«Адалдық алаңы» жобасы, «Парасат жолы» бұрышында ақын, драматург, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың туғанына 80 жыл толуына орай кітапхананың оқу залында «Өлеңім-өмірімнің айнасы» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Кештің мақсаты: қазақ поэзиясында өзіндік орны бар М.Шаханов шығармашылығының терең иірімдеріне үңілу, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу; адамгершілік, рухани қасиеттерді оқырмандар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау.

     Кітапханашы өз кезегінде қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріп, жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу мақсатында ауқымды түрде мағлұмат беріп өтті. Оқырмандар назарына «Өлеңім-өмірімнің айнасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

5 6 7 8 9