Мукагали-мәңгілік ғұмыр

        2021 жылдың 5 ақпан күні кітапханамыздың "Білім" орталығында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" атты поэзия кеші өтті.   Іс-шараға «Жас толқын» жас ақындар клубының мүшелері қатысты.

        Іс -шарамыздың мақсаты: Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру. Туған халқының талантты ақынына , әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.

        Спикер: оқу бөлімінің кітапханашысы А. Ешжанова ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайлы, оның өлеңдері жайлы ой өрбітті. Іс-шара барысында оқушылар ақын өлеңдерін оқыды. Ақын кітаптарынан "Дариға-жүрек" атты кітап көрмесі, ақын шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілді.

 

11 13 15 16

12