Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім

2020 жылдың  22 желтоқсан күні Приозерск қалалық кітапханасының «Білім» орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы бойынша Ұлы Отан Соғысының ардагері, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толуына орай «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім» атты тарихи кеш өтті. Іс-шараға «Жас толқын» жас ақындар клубының мүшелері қатысты.

        Іс-шараның мақсаты: Аты аңызға айналған Қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылық жолымен таныстру, ерлікке толы өмірін үлгі ету. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктері, айтқан нақыл сөздерімен таныстыру. Бауыржан Момышұлының өмірін насихаттай отырып, Отанға деген, өмірге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

       Спикер: оқу бөлімінің кітапханашысы А. Ешжанова батырдың өмірбаяны мен шығармашылық жолы жайлы айтып өтті. Оқырмандар назарына кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

15 13