Жарқын жұлдыз

Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні ақын, жазушы Олжас Сүлейменовтың туғанына 90 жыл толуына орай кітапхананың оқу бөлімінде «Жарқын жұлдыз» атты әдеби сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқырмандарға ақынның шығармашылығын насихаттау, әдеби мұрасын таныту және жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

Шара барысында мектеп оқушылары ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алып, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар тақырыпқа сай ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылып, қаламгердің еңбектері оқырмандар назарына ұсынылды. Кеш соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, әдеби шарадан ерекше әсер алды. Осындай тағылымы мол іс-шаралар жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.

18 мая текущего года в читальном зале библиотеки был проведен литературный час «Жарқын жұлдыз», посвященный 90-летию со дня рождения поэта, писателя Олжаса Сулейменова. Цель мероприятия-популяризация творчества поэта, литературного наследия и повышение интереса молодого поколения к книге.

В ходе мероприятия школьники узнали о жизни и творчестве поэта, выразительно прочитали его стихи. Также была представлена книжная выставка, посвященная теме, а также вниманию читателей были представлены труды писателя. В конце вечера участники поделились своими мыслями и получили особое впечатление от литературного мероприятия. Такие познавательные мероприятия обогащают духовный мир молодого поколения, прививают любовь к литературе.