Жұбан жыры –мәңгілік

2025 жылдың 5 қыркүйек күні ақын Қазақстанның халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтың 105 жылдығына орай кітапхананың «Білім» орталығында «Жұбан жыры –мәңгілік» тақырыбында поэзия сағаты өтті. Мақсаты: қазақтың көрнекті ақыны Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығын насихаттау; оқырмандардың әдебиетке, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру; ақынның Отанға, тілге, елге деген сүйіспеншілігін жастар бойына сіңіру; Іс-шараға №1 мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты.
Поэзия сағатында кітапханашы ақының өмірі мен шығармашылық жолына тоқталды. Оқырмандар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Жұбан жыры –мәңгілік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды